Бөлімше меңгерушісі Шынболатов Төлеби Керімжанұлы,

Байланыс телефоны: 87754498092

Аға медбике-Тайтаразова Алмагүл Төлегенқызы.

Мақсаты: профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қоса алғанда, халыққа қолжетімді, сапалы және қауіпсіз қызмет көрсете отырып, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Тапсырмалар:

1. Мекеменің халыққа МСАК көрсету жөніндегі жұмысын, материалдық — техникалық базасын жетілдіру.

2. Медициналық көмектің сапасын арттыру, дәрігерлердің, медбикелердің біліктілік деңгейін арттыру.

3. Халықтың денсаулық индексін арттыру, профилактикалық тексерулер жоспарын сапалы жүргізу, орындау.

4. Әлеуметтік маңызы бар ауруларды тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмыс жүргізу.

5. Нәресте өлімін азайту; балалар, ана өлімінің алдын алу.

6. Мүгедектікке алғашқы шығу деңгейінің төмендеуі.

7. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуындағы стратегиялық міндеттердің бірі ретінде салауатты өмір салтын насихаттау.

МСАК көрсететін емхананың қызметі тұрғылықты жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып бекіту мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылған.

Қызмет түрлері:

1. Үйде қызмет көрсетілетін ауданның ересектер мен балаларға білікті медициналық көмек көрсету;

2. Халықты диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

3. Жіті және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету;

4. Ауру бейініне сәйкес науқастарды алдын ала тексере отырып, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек, зертханалық — диагностикалық қызметтер алу үшін МСАК мамандарының пациенттерді уақтылы емдеуге жатқызуы; санаторий-курорттық емдеуге жіберу.

5. Профилактикалық медициналық тексерудің барлық түрлері.

6. Инфекциялық науқастарды анықтау кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар, ошақты бақылау, иммунопрофилактика, санитарлық-ағарту жұмыстары.