2013 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы әкімдігінің 23.12.2013 ж. № 4/891 қаулысына сәйкес емхана заңды мәртебесін өзгертті және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға айналды.
Алғашқы медициналық – санитарлық көмек, консультациялық – диагностикалық қызметтер және т. б. көрсетуге лицензиясы бар.
Емхана 2014 жылдың қазан айында 2 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті.
Емхананың жоспарлы қуаты бір ауысымда 250 келушіні құрайды, нақты – 347.
Қосылмайтын екі корпустан тұрады, жалпы ауданы – 1052,6 шаршы метр, соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы.
Емхана құрылымында:
* тіркеу бөлімі
* клиникалық-диагностикалық зертхана
* күндізгі стационар
* УДЗ кабинеті
· қақырықты жинау кабинеті
* тексеру кабинеті
* дәрігерге дейінгі кабинет
* жалпы практика дәрігерлерін қабылдау кабинеттері
* алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек кабинеттері
* психологтарды қабылдау кабинеттері
* мамандандырылған көмек қабылдау кабинеттері
* акушер-гинекологтарды қабылдау кабинеттері
* физиотерапия кабинеті
Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК тіркеу орны күн сайын жұмыс істейді және бейінді мамандар мен жалпы практика дәрігерлеріне жоспарлы қабылдауға алдын ала жазылуды көп арналы телефон арқылы – 310-13-13 қамтамасыз етеді
дүйсенбі-жұма 08.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі 09.00-ден 16.00-ге дейін
Күнделікті телефон арқылы үйге қоңырау шалу
дүйсенбі-жұма 08.00-ден 18.00-ге дейін
сенбі 09.00-ден 12.00-ге дейін
Сондай-ақ, кездесуге жазылу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін
Байланыс орталығы: 8727(310-13-13)
Алдын ала жазылу бойынша Сізге қабылдау уақыты көрсетілген талон беріледі, ол дәрігерге уақытында түсуге көмектеседі, кезектілікті азайтады.