03.09.2021ж. «Денсаулық 13» БПҰ төрағасы Әліби Е.Қ. төрағалығымен партия мүшелерімен кеңес өткізілді, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы талқыланды. Партия мүшелері Президенттің бастамаларына оң баға беріп, қолдау білдірді. Сонымен қатар, «Денсаулық 13» БПҰ мүшелері медицина қызметкерлері бола тұра, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жолдаудың екінші бөліміне назар аударды. Атап айтқанда, инвестициялар тарту, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету, отандық өндірушілермен келісімшарттар көлемін кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі алдағы жұмыс қуантады. Партия мүшелері бұл шара медициналық бұйымдармен дәрі-дәрмектерді төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді деп санайды, нәтижесінде жалақыны ынталандыру және көтеру үшін медициналық ұйымдардың бюджетіне әсер етеді.