Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы

2026 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан
Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі
– Заң) қол қойғанын хабарлайды. Аталған Заң медициналық қызметкерлерге
қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсету фактілері үшін
жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстықпроцестік кодекстеріне медициналық қызметкерге, сондай-ақ жедел
медициналық жәрдем көлік құралының жүргізушісіне қызметтік міндеттерін
атқару кезінде қорқыту және (немесе) күш қолдану фактілері үшін екі жүз
айлық есептік көрсеткіштен бастап айыппұл салу не 12 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықты
белгілейтін толықтырулар енгізу көзделген.
Сонымен қатар, медициналық қызметкерлер кәсіби қызметін жүзеге
асыру кезінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, уақтылығы және
заңдылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
белгіленген заңды жауапкершілікке тартылатынына назар аударамыз.

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 3 қаңтардағы № 252-VIII ҚРЗ